Біржан сал Қожағұлының өмірі, шығармашылығы

 

Пәні: Қазақ әдебиеті

 

Сыныбы: 10А-сынып

                                                                                      Пән мұғалімі:  Абдрахманова Э.Ж.

Сабақтың тақырыбы   

Біржан сал Қожағұлының өмірі, шығармашылығы

Жалпы мақсат

Біржан сал шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерінің өзіндік табиғатын   даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу.    

Сілтеме

Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2014.

Күтілетін нәтиже

Әнші-cазгердің өмірімен, шығармашылығымен танысады;

Шығармаларын оқиды, талдайды;

Топпен жұмыс жасайды;

Өз ойын еркін, сауатты жеткізеді;

Бірін – бірі, өзін бағалайды;

Шығармашылықпен жұмыстанады;

Сыни ой қорытады.

Негізгі идеялар:

«Біржан сал – асқақ үнді ақын,  сазгер, әнші» 


Қолданылатын материалдар:

Интерактивті такта, оқулық, магнитті тақта, постер, маркер, стикерлер, рефлексия парағы, тарапа қағаздар, бағалау бетшесі

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО. Бағалау

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Тапсырмалар:

Семантикалық кесте,  сәйкестендіру тесті, сұрақтарға жауап беру, өлеңге сатылай кешенді талдау,  постер қорғау, тест тапсырмасын орындау, рефлексия жасау, бағалау.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

 

Оқушының іс-әрекеті:

 Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу  

 

(2 минут)

Сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау. Жасырынған өлең жолдары арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлау және бағалау бетшесін үлестіру.

Сабақтың ережесімен таныстыру:

• Белсенді қатысу

• Тыныштық сақтау

• Бірін - бірі тыңдау

• Ойын ашық айту

• Ынтымақтастық


І топ («Әдебиет» тобы)

Туғанда дүниеге есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығы бәрі өлеңмен

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.

(Абай «Біреудің кісісі өлсе, қаралы -  ол»)


ІІ топ («Өнер» тобы)

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

(Абай «Құлақтан кіріп, бойды алар»)




Оқушылар амандасады, кезекші сұрақтарға жауап береді, топқа бөлу әдісіне араласады.

Жасырынған өлең жолының авторы мен тақырыбын анықтау арқылы топ басшысы сайланады.

Білім:

 

(6 минут)

          Өткен сабақты пысықтау мақсатында әр топқа семантикалық кесте беріледі. Кестеде өткен сабақтарда өткен әнші-ақындар тобына қатысты сұрақтар берілген. Топ оқушылары кезекпен жылдам жауап беруі керек.

      І топқа:

Р/с

Тапсырмалар

Әсет Найманбаев

Балуан Шолақ

Жаяу Мұса

1

«Сәулем қыздар» өлеңінің авторы




2

«Ғалия» өлеңінің авторы




3

1867 жылы Семей өңірінде дүниеге келген ақын




4

«Сұрша қыз» өлеңінің авторы




5

«Ағаш ат» дастанының авторы




6

Азан шақырып қойған аты - Нұрмағамбет




7

«Ақ сиса» өлеңінің авторы





     ІІ топқа:

Р/с

Тапсырмалар

Мұхит Мералыұлы

Үкілі Ыбырай

Мәди Бәпиұлы

1

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген ақын




2

«Гәкку» әнінің авторы




3

«Үшқара», «Қаракесек» әндерінің авторы




4

1880-1921 жж өмір сүрген ақын




5

«Айдай», «Айнамкөз» әндерінің  авторы




6

«Маңмаңгер», «Арарай» әндерінің авторы




7

1856 ж  Көкшетау өңірінде дүниеге келген ақын




(Жақсы жауап берген оқушылар смайликтермен марапатталып отырады.)


Әнші-ақындар шығармашылығы бойынша берілген сұрақтарға топ оқушылары жауап береді.

«Бағдаршам» әдісі бойынша әр топ жауабы тыңдалған соң, қарсы топ түстер арқылы баға баріп отырады.

«Жасыл» - өте жақсы

«Сары» - жақсы, бірақ толықтыруды қажет етеді

«Қызыл» - жауап түсініксіз немесе дұрыс емес

 

 

 

 



Түсіну

 

(15 минут)

Жаңа сабақ

«Ой шақыру» сатысы

«Біржан салдың елі» әнінен үзінді тыңдату арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын анықтату.

Топтарға төмендегідей  сұрақтар беру:

Әнші-ақындар деп кімді айтамыз?

Сал-серілердің ерекшелігі қандай?

Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар?


 (Күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын дәптерге жаздырту.)


Интербелсенді тақтадан оқушыларға алдымен «Біржан сал Қожағұлұлы – ақын, әнші, сазгер» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянда Біржан салдың өмір жолы, ақындық, әншілік, сал-серілік қырларымен қатар оның айтыскерлігі туралы да мағлұмат беріледі. Ақын шығармашылығы жөнінде слайд арқылы қосымша мәлімет беріледі.


 

 

Назарын бейнебаянға аударады, мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.








Қолдану

 

(8  минут)

1-тапсырма:

Слайдта келтірілген сөздердің Біржан сал өміріне қандай қатысы барын анықтау тапсырылады.

Қожағұл

Жөкей

Жанбота

Азнабай

Теміртас, Ақық, Асыл

Көлбай, Жанбай

Ләйлім

Ажар, Шұға, Мақпал

Қозыбақ

Абай

Нұрғайша, Сара, Орынбай

 

Қосымша мәлімет:

(Біржан салдың өмір жолынан сыр шертетін «Біржан сал» фильмі туралы қысқаша ақпарат беріп кетемін.)

Жанры

    тарихи драма

Режиссёрі

    Досқан Жолжақсынов, Р. Әлпиев

Сценарийдің авторы

    Таласбек Әсемқұлов

Басты рөлдерде

     Досқан ЖолжақсыновАша Матай            

    С.Оразбаев, К. Түлегенов, Болат   

    Әбділманов, Г.Тутова

Операторы 

    Р.Ибрагимов

Кинокомпания

    Қазақфильм

Ұзақтығы

    76 минут

Мемлекет

    Қазақстан

Тілі

    қазақша

Шыққан жылы

    2009


2-тапсырма:

«Сәйкестендіру тесті» арқылы ақын өлеңдерінің тақырыбын анықтату.

«Жанбота»

«Адасқақ»

«Аққуым»                                                     Заман

«Сырғақты»                                                  шындығы

«Айтбай»

«Ләйлім шырақ»

«Жастарға өсиет»

«Жақсы мен жаман»                                    Махаббат

«Ғашыңым»

«Жастарға»

«Көкек»

«Ақтентек»

 

І топ оқушылары заман шындығын бейнелейтін өлеңдерін анықтаса, ІІ топ оқушылары махаббат тақырыбындағы өлеңдерге тоқталады.

(Сабаққа жақсы қатынасқан оқушылар смайликтермен марапатталып отырады)

Қосымша мәлімет: 

Біржан сал өлеңін алғаш нотаға түсірушілер:

А.В.Затаевич 
А.Жұбанов 
Б.Т.Ерзакович 
М.Маликов
Әнін алғаш орындаушылар: 
Қ.Бабақов 
Қ.Байжанов 
Ә.Қашаубаев 
Қ.Лекеров 
Ж.Елебеков 
С.Мусин 

Қазіргі орындаушылар:

Қ.Байбосынов 
Р.Стамғазиев 
Е.Ырысқали

Кино, опера саласында қолданылуы:

 «Біржан сал» киносы 
«Біржан-Сара» операсы, эстрада жанрларында
Зерттеушілер: 
Е.Ысмайлов 
А.Жұбанов


 

 

Оқушылар аталған сұрақтарға жеке жауап береді. Әр топтың жауабы «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланып отырады.

































Оқушылар топрта жұмыс жасайды, қосымша мәліметтерді тыңдайды.

«Бағдаршам» әдісі бойынша қарсы топты бағалайды.

Талдау

 

(6 минут)


 

 

 

 Топтық тапсырмалар беріледі.

   І топқа:

«Жанбота» әнінің шығу тарихына тоқталу, өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу.


   ІІ топқа:

«Ләйлім шырақ» әнінің шығу тарихына тоқталу, өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу.

 (Оқушылар тапсырма орындау барысында және қорғау кезінде Біржан салдың «Жанбота», «Ләйлім шырақ» әндерінің әуені жүріп тұрады.)


(Дұрыс жауап берген оқушылар смайлик бейнеленген төсбелгілермен марапатталады.)

 

Оқушылар ынтымақтастықта жұмыс істейді. Әр топтан бір-бір оқушы әндердің шығу тарихына тоқталып, топпен өлеңге сатылай талдау жүргізіп, қорғайды. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау.


Жинақтау

 

(3 минут)

«Теміртас» әні тыңдалады. Ән ойнап жатырған кезде жаңа сабақ бойынша тест тапсырмасы орындалып, оқушылар тақтада көрсетілген жауаптары бойынша өз көршісін тексеріп, бағалайды. Әнді тыңдай отырып, әр топ төмендегі сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

«Теміртас» өлеңінен қандай қорытынды жасауға болады?

Тақырып бойынша тест сұрақтары:

1.Біржанның туған жері.

А. Бурабай көлі B. Ақкөлде C. Сексен көлде D. Жөкей көлі

2. Біржанның туған әкесі кім?

А. Қожағұл B. Ералы C. Тұрлыбай D. Нұрлыбай

3. «Ақтентек» әніндегі Біржанға ұнаған қыздың атын атаңыз.

А. Мақпал B. Ажар C. Шұға D. Шұғыла

4. «Жайма-шуақ» әнінің дүниеге келуіне себепші болған кейіпкерді ата.

А. Қозыбақ B. Ақтентек C. Азынабай D. Айшуақ

5. «Жанбота » әніндегі көре алмас болыс кім еді?

А. Азынабай B. Жанбота C. Балғожа D. Поштабай

6. Біржанға қол көтерген есерді табыңыз.

А. Балғожа B. Поштабай C. Жанбота D. Азынабай

7. Біржанның әнін халықаралық сахнаға шығарған әнші кім?

А.Ақан сері B.Үкілі Ыбырай C. Ә. Қашаубаев D. Р.Стамғазиев

8. Төмендегілердің ішіде қай ән Біржандікі емес?

А. Ләйлім шырақ     B. Адасқақ C. Теміртас D. Балқадиша

9. «Біржан-Сара» операсының авторын атаңыз

А. А. Жұбанов B. Г.Н.Потанин D. Е. Серкебаев

Сұрақтардың жауабы:  

1.D 2. C 3.B 4.A 5.A 6.B 7.C 8.D 9. C



(Дұрыс жауап берген оқушылар смайлик бейнеленген төсбелгілермен марапатталады.)



Тест тапсырмасын орындайды, бірін-бірі тексереіп, бағалайды. Сұраққа жауап береді.




Бағалау

 

(2 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім оқушылармен бағалау жүргізеді. Топ басшысының бағалауын тыңдай отырып, келесі топтың қойған бағасымен салыстырып, жиынтық баға қояды.


Критерийлер

Дискрипторлар

Ұпай

 

А

Білу және түсіну

Оқушы  өткен білімді еске түсірді, қосымша сұрақтарға жауап берді.

 

В

Қолдану

Жаңа сабақты меңгерген, жеке, топтық тапсыомаларға атсалысты.

 

С

Талдау

Әннің шығу тарихын баяндауда өз ойын еркін, ашық жеткізе білді. Топтық талдауға қатынасты.

 

Д

Жинақтау

Тест тапсырмаларын қатесіз орындады, сабақты қорытындылауда өз ойын еркін жеткізе білді.

 

“2” – нақты, дұрыс жауап бере алды                  6,5-8  ұпай – “5”

“1” – жауап берді, бірақ толық емес                   5,5-6  ұпай – “4”

“0” – мүлдем жауап бермеді                                3,5-5  ұпай – “3” 


Бағалау критерийлері мен дискрипторларды басшылыққа ала отырып, топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Сонымен қатар әр топ келесі топ мүшелерін де бағалайды.

 

Рефлексия

 

(2 минут)

  Кері байланыс жүргізіледі. Екі топқа екі түрлі әдіс беріліп, әр топ мүшелері жұппен орындайды. Сонымен қоса бүгінгі сабақтан алған әсерін смайликпен бағалайды.

    І топ «Көзіңмен не көрдің, құлағыңмен не естідің, жүрекпен не сездің» кестесін толтырады.


Көзіңмен не көрдің?


Құлағыңмен не естідің?



Жүрекпен не сездің?




  ІІ топ «Сұхбаттасатын жұп» әдісі бойынша

Жұбыңызбен:

3 үйренген нәрсе

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесеңіз


 

 

 








Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Үйге тапсырма: 

 

(1 минут)

«Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы» эссе жазу.

Біржанның айтыскерлігі туралы іздену, деректер жинау.


Үй тапсырмасын жазып алады.

ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ