М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі. Көксеректің ауылға келуі. Көксеректің мінезі.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: ІІІ

Мектеп: «Көктем» қазақ орта мектебі

Тарауы: Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі. Көксеректің ауылға келуі. Көксеректің мінезі.

Күні: 31.01.2019 ж

Мұғалімнің  аты-жөні: Абдрахманова Э.Ж.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі автор бейнесін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманы композициялық құрылысына қарай талдай алады, шығармадан дәлел келтіреді, өзіндік көзқарасын айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарманың сюжеттік желісін талдай отырып, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері:

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Тілдік мақсаттары: 

Оқушылар орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын баяндайды, сюжетіне талдайды.

Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым, оқылым

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, Ыстықкөл, итаяқ, арлан.


Талқылауға арналған сұрақтар:

«Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?

«Көксерек» кімнің шығармасы ?

Жазушы неліктен шығарманың тақырыбын «Көксерек» деп атады?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Құрмет, ашықтық, ынтымастық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік


Пәнаралық байланыс:

Тарих пәні арқылы өткен ғасыр оқиғасы, Географиядан Семей жері, Қазақ тілі пәні бойынша  сөз мағыналары, көнерген сөздер.

Алдыңғы оқу:

Әдеби шығарманың жанрлық түрін ажыратады, шығарманың композициялық құрылысын біледі.

Сабақ барысы

 Жоспарланған               уақыт

Жоспар бойынша орындалатын іс-әркеттер

Ресурстар

 

Басталуы

3мин.













 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

  • Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын. Шеңберге тұрады.
  • - Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
    - Егер сіздің үйіңізде ит болса, өз басыңызды сипаңыз;
    - Егер сіз, қасқырдан қорықсаңыз, көршіңізді құшақтаңыз;
    -  Егер сіз табиғат пен адам арасында байланыс бар деп есептесеңіз, құстарша қанат қағыңыз.
  • - Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, оның табиғатына қамқорлық жасаймын десеңіздер, аяғымызды топырлатамыз;
    - Қонақтарымызға деген ізгілігімізді,бір-бірімізге сәттілік тілеу мақсатында үш рет шапалақтайық!
  • - Жарайсыңдар,рахмет!
  • Қызығушылықты ояту.  «Пазл» әдісі арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.


Оқушыларға қиынды суреттер беріледі,  сол суреттерді сәйкестендіріп құрастыру керек. Құрастырылған сурет бойынша топқа бөлінеді. (Құрмаш, Көксерек, Қараадыр)


 «Білгенге - маржан, білмеске - арзан» М.Әуезов кім?

М.Әуезов туралы білетіндерін   еске түсіреді.

 

Қызығушылықты ояту.  «Ой қозғау» әдісі

«Қасқыр кек алды» эпизодынан үзінді көрсетіледі. Бүгінгі өтетін шығарманың тақырыбын болжайды.


  • Бұл қай фильмнен алынған үзінді?
  • «Көксерек» фильмін түсіруге не себеп болды екен?

Көксерек — Мұхтар Әуезовтың осы аттас шығармасының желісімен 1973 жылы түсірілген көркем фильм. Тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. Фильмнің режиссері - Толомуш Өкеев. Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.


  • Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың  тақырыбы  -  М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Әр шығарманың шығу тарихы болады. М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын».

  • – Балалар, композиция дегеніміз не?
  • /Оқиғалардың бір-бірімен тығыз байланысы. Көркем шығарманың құрылысы. Оқиғалардың бір-бірімен жүйелі байланысуы/
  • Композиция сөзіне  және композициялық құрылым тіркесіне түсініктеме береді.
  •  Бұл сөздерді не үшін ортаға тастап отырмын, қалай ойлайсыңдар? /Оқушылар  мақсатын айқындайды/.Дұрыс айтасыңдар, демек бүгінгі сабағымыздың мақсаты- «Көксерек» әңгімесі сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдап, әңгімелеу және шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру негізінде шығармашылық дағдыларымызды қалыптастырамыз.

Бүгінгі сабағымызға негіз болатын  айдар: Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады. (Ш. Айтматов)




«Атамұра» 

Қазақ әдебиеті

Алматы-2017






Сурет қиындылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көксерек» фильмінен үзінді

 

 

 


3 минут





28 минут

Мағынаны тану.

Бейнебаян тамашалау арқылы «Көксерек» әңгімесінің толық мазмұнымен танысу.

Қолдану.  

«Оқиға  тауы» әдісі арқылы шығарманың композициялық құрылымы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз, ретімен қойыңыз.

Т.Ж.1-тапсырма. Топтар «Көксеректің ауылға келуі», «Көксеректің мінезі» әңгімелерінен шығарманың құрамдас бөліктерін,автор бейнесін табу арқылы графикалық органайзерлер әзірлейді, талдайды, қорғайды. Тірек-сызба бойынша шығарманың композициялық жоспарын құрады.

І топ.«Көксеректің ауылға келуі» тақырыбынан шығарманың құрамдас бөліктерін табу арқылы графикалық органайзерлер әзірлейді, талдайды, қорғайды.

Сюжеті

Реті 

І. Көксеректің ауылға келуі. 

Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты


Қасқырлар іні


Табиғат бейнесі


Көксерек ауылда


ІІ топ.«Көксеректің мінезі» тақырыбынан шығарманың құрамдас бөліктерін табу арқылы графикалық органайзерлер әзірлейді, талдайды, қорғайды.

Сюжеті

Реті 

                    ІІ.Көксеректің мінезі

Ауыл иттері мен ала төбеттің іс-әрекеттері


Көксерек мінез-құлқындағы ерекшелік


Көксеректің кескін-келбеті


ІІІ топ.  «Таба біл де айта біл» әдісі.

Графикалық органайзерлер арқылы шығарманың сюжеттік дамуын тақырыпқа сай ретімен қойып, айтып шығу.

«Көксерек» әңгімесі

Оқиғаның басталуы:  

Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.

Оқиғаның байланысы:  

Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы.

Оқиғаның дамуы:  

Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.

Оқиғаның шиеленісуі:

Көксеректің өз қандастарына қосылуы.

Оқиғаның шарықтау шегі:

Көксеректің жойқын күшке айналуы.

Оқиғаның шешімі:  

Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы.  

          Дескриптор:

Білім алушы

- Графикалық органайзерлер арқылы шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді.

Шығарманың сюжеттік дамуын тақырыпқа сай ретімен қойып, шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды.

ҚБ: жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды қолдап отырамын және топтар бір-бірінің жауабын смайликтер арқылы бағалайды.

-Өз ойын ашық білдіре алмаған топқа;

-Сұраққа толық жауап бермеген топқа;

 -Сұраққа нақты, анық жауап берген топқа.

ҚБ: Оқушылардың жауаптарын «Жарайсың! Өте жақсы! 

  Т.Ж.2-тапсырма. 

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Жұптық  жұмыс орындату. /Жұптар бір-бірін тексереді/

1-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Ін үстіне мүйіз тұяқтылар тасырлатып, дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірінің үстіне бірі келіп көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жабырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. ( Адамдардың інге келген сәті)

2-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін ұиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. («Көксеректің ауылға келуі» бөлімі, апандағы күшіктерді тауып алған сәті)

3-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

 Көксерек үлкейді.Семіріп жонданғандай болды. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. («Көксеректің мінезі» бөлімі, өсіп жетіліп келе жатқан Көксерек )

4-жұп: Мынау кім? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

-Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады.Арашаламасаң әлдеқашан өлтіріп тастар еді. (Жұмаш)

5-жұп: Қай сәт бейнеленген?

Көк шолақ бұл жолы да жығылмады. Аққасқаны көтере жоғары шапшыды. Алғашқы алған жерден Аққасқаның аузы босап кетті. Екеуі бетпе-бет келіп шапшып тұрып, қаршылдасып ұстасты. Енді бірінен-бірінің босап кетуіне жол жоқ. Бұл күй не қылса да біреуінің астына түсуімен біту керек.
 (Аққасқа мен Көксеректің арпалысқан кезі)

6-жұп: Мынау кім?

-Қураған-ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? (әжесі)

7-жұп: Мынау кім? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

-Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара! Қой, балам, енді мұны өлтіріп терісін алайық. (Әжесі)

8-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

 Үстіне гүрілдеген қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген -білгені-сол. (Құрмаштың соңғы сәті)

9-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Осыдан соң екеуінің жұбы жазылған жоқ. Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалындап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп семіріп кетті. /Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып жұптасуы/

10-жұп: Қай сәт бейнеленген?

Оның есебіне, белгілі атышулы екі қасқырдан Қараадырдың іші-тысындағы ел түгел көресіні көрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде үш-төрт түйе де желінді. Кісіден қорықпайды. Әсіресе, бір көк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып жатқанда, қасына сойыл-салым жерге келгенше қашпайды.
/Көксеректің малды торуылдап жүрген кезі/

11-жұп:  Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Жетілмей келе жатқан тісі ғана.Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп,ауыз-омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі. («Көксеректің мінезі» бөліміндегі Көксеректің дене тұрқын сипаттауы.)

Дескриптор:

Білім алушы

- Шығарма сюжетінің бөлшектерін анықтап, талдайды;

Үзінділердегі кейіпкер іс-әрекеті мен сөзі арқылы жасырынған бейнені табады.

ҚБ: жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды қолдап отырамын және әр жұпты жауабына қарай смайликтермен бағалаймын.

Қолдану. А/И. 3-тапсырма 

«Кубизм» әдісі бойынша шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады.
Білу: Автордың «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар. Әңгіменің «Көксерек» деп аталуы нені меңзейді?
Түсіну: Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
Қолдану: Көксерек туралы ел адамдары не дейді? Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?

Талдау: Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Жинақтау: Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
Бағалау: Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

Дескриптор:

Білім алушы

- Шығармадан сюжеті бойынша эпизодтарды салыстырады, талдайды.

- Шығарма кейіпкерлері әрекетін талдап, баға береді.

- Әр бейнеге әңгіме мазмұнынан дәлел келтіреді.

ҚБ:

Дұрыс-ақ!» немесе «Жақсы, дегенмен тағы да бір анықтап қарап жіберші», «Бүгін кешегіден де белсенді болдың» тәрізді ауызша және жазбаша ұсыныс айтып, ынталандырып, қолдап отырамын. Оқушылар қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетеді.

  А/И. 4-тапсырма. Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерді салыстыру.

1-топ:

Адам және қасқыр (Дала тағысы мен адамдардың іс-әрекетіндегі ұқсастық)

2-топ: 

Көксерек және Аққасқа (Көкжал қасқыр мен азулы Аққасқа иттің ұқсастығы мен айырмашылыған салыстыру )

3-топ:

Көксеректің ауыл өмірі мен тағылық өмірі (Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыру.            Дескриптор:

Білім алушы

- Шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды;

- Кейіпкерлер әрекетін салыстырады.

ҚБ:

Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

 

Қорытынды тапсырма:

Топтық жұмыс. Жазылым/ айтылым

«ПОПС формуласы» бойынша жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылап, шығарманың құндылығын анықтау.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, автор «Көкесерек» әңгімесі арқылы   ...    айтқысы келді... »

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін... »

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен ... дәлелдей аламын ... »

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен   ...   деген қорытынды шешімге келдім.»

Дескриптор:                    

Білім алушы

бірінші сөйлемде әңгімеде баяндалатын автор ойын анықтайды;

екінші сөйлемде өзі таңдаған түйінді ойдың  себебін түсіндіреді;

үшінші сөйлемде  автор көзқарасын  нақтылауға қатысты      2 дәлел келтіреді;

соңғы сөйлемде автор көзқарасына  қатысты өзіндік тұжырым  жасайды.

 ҚБ: жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды қолдап отырамын және топтар бір-бірінің жауабын смайликтер арқылы бағалайды.

-Өз ойын ашық білдіре алмаған топқа;

-Сұраққа толық жауап бермеген топқа;

-Сұраққа нақты, анық жауап берген топқа.

, кері байланыс жасайды.

Қандай ой пайда болды? 

Не сезіндім? 

Не ұнады? 

Не қиын болды? 






Бейнебаян










































































































ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ