Күні: 27.09.2014 | Қазақ әдебиеті 9-сынып |
Абдрахманова Эльмира Жұмағалиқызы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
| ||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Білім стандарты, сабақ жоспары | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаттар | Жырдың тақырыбын, идеясын, оқиғалар тартысын нақтылай отырып, кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашу. Кейіпкерлер бойынан үлгі алып, ізгі қасиеттерді дәріптеу. | ||||||||||||||||||||||||||
Оқыту нәтижесі | Шығарма кейіпкерлеріне талдау жүргізу арқылы жырдың қазақ әдебиетіндегі құндылығын ұғынады. Жырды оқи отырып, талдайды, бағалайды. Өзінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсінеді. | ||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар | Теориялық білімді практикамен ұштастыру, жырдың тарихилығы жөнінде кеңірек мағлұмат алу, ойларын тиянақты жеткізе білу. | ||||||||||||||||||||||||||
Жеті модуль | 1,2, 3,4,5,6,7- модуль | ||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар | Топтық тапсырма (топ атына сай әр топ оқушылары тапсырмаларға ауызша ажауап береді) І. “Өнер” тобы ІІ. “Тарих” тобы ІІІ. “Әдебиет” тобы Кубизм стратегиясы: “Білу және түсіну” тапсырмалары (тақырыптық сұрақтар) “Қолдану” тапсырмалары (қияли немесе болжау сұрақтары) “Талдау” тапсырмалары (кейіпкерлерге талдау) “Жинақтау” тапсырмалары “Бағалау” тапсырмасы (“Ыстық микрофон” стратегиясы) Оқылым критерийлері мен дискрипторлары арқылы топ басшысының бағалауы | ||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар | Рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||
О Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||
2 минут 2 минут 5 минут 5 минут 5 минут 6 минут 6 минут 3 минут 3 минут 4 минут 2 минут 2 минут | Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Ұйымдастыру кезеңі а) Амандасу ә) Сынып оқушыларын түгендеу. б ) Сынып оқушылары өткен сабақта топқа бөлініп, топтық тапсырма берілгендіктен, сол тобы бойынша үш топқа отырғызу. «Ой қозғау» сатысы Халық әні «Әгугай» әнін тыңдау. «Кубизм» стратегиясы: І. Білу және түсіну «Өнер» тобына: «Қыз Жібек» кинофильмінің режессеры кім? Сұлтанбек Қожықов. 1970 жылы түсірілген «Қыз Жібек» кинофильмі Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Фильм сценарийін жазған кім еді? Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» кинофильмінде Жібек пен Төлеген және Бекежан рөлдерін сомдаушы кімдер?Құман Тастанбеков, Мереуерт Өтекешова, Асанәлі Әшімов 4. “Қыз Жібек” фильмінің музыкасын және ән өлеңдерін жазған кім? Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әли жазған.
«Тарих» тобына: Жырдағы оқиға қай тұста болған. Жырды жырлаған жыршылар туралы не білесіз? «Қыз Жібек» жыры шамамен ХҮІІ ғасырда туғанға ұқсайды. Қыз Жібектей арудың трагедиялық тағдыры туралы әр аймақтың әңгімелері алуан түрлі арнамен таласа, ағытылып, бірін-бірі толықтырып тұрады немесе жетілдіріп жатады. Алайда өзінің түпкі жобасынан табаны таймайды. Жырдың бас-аяғы 16 нұсқасы жиналған.. Бұлардыжырлаушы қазалылық Мұсабай жыраудың, оралдық Қазақбай Түгелбаевтың, жетісулық Жүсіпбек Шайхысламұлы сынды жыршылар болды. Жырда көрініс тапқан салт-дәстүр туралы әңгімелеңіз. Салт-дәстүрлер «Қыз көру» (салт «қыз таңдау»). Айтыс (дәстүр, өнер) Әмеңгерлік (салт) Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Теріс бата. Арыздасу (ғұрып-қоштасу). Қалыңмал, қалыңдық ойнау, естірту, жұбату, т.б. Жырдың жинақталып, хатқа түсуі туралы баяндаңыз. Бірінші рет басылуы 1894 жылы. Кімнен жазып алып, кім шығарғаны мәлім емес, «Қисса Қыз Жібек» деген атпен Қазанда басылған. Жинаушысының сөзіне қарағанда сол кездегі қазақ арасында болған татарлардың бірі тәрізді. Өзі ноғаймын дейді. «Қыз Жібекті» екінші рет баспаға ұсынған фольклорды көп жинаушы адамдардың белгілі бірі Жүсіпбек Шайқұл Ислам (1900ж). 1894 жылдан бері Қазанда талай рет басылады. Совет үкіметі кезінде тағы да үш рет басылып шықты (1933ж, 1939ж). Ең соңғы басылуы 1957 жылы (Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты). Жырдағы жағалбайлы елі мен шекті елінің мекен еткен тұрағы қай жер? Жырда жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы бұл Каспий (Атырау) теңізі. Сол кездегі шектілердің қонысы Ақжайық болған. «Әдебиет» тобына: 1. Төлегеннңі өскен ортасы, әкесі мен анасының оған деген мейірімі жырда қалай көрсетілген? 2. Жыршы Жібектің сипатын қалай бейнелейді?Жырдан үзінді келтір. 3. Жырдағы Қаршыға, Шеге сияқты адамгершілігі мол, сыйлы азаматтар туралы өз пікіріңізді айтыңыз. 4. Қай оқиға суреттелген? Жырдан үзінді келтір. Төлегеннің алты қазбен қоштасуы.
ІІ. Қолдану (Қияли немесе болжау сұрақтары) «Өнер» тобына: Егер Төлеген Шекті еліне бір күн кешігіп шыққанда, оқиға ары қарай қалай жалғасуы мүмкін еді? «Тарих» тобына: Егер Қыз Жібек Төлеген кетер кездегі түсін былайша жорыса не болар еді… «Әдебиет» тобына: Бекежан болсам мен егер…
ІІІ. Талдау Кейіпкерлерге талдау, топтастыру
| Топ оқушылары өз ойын ортаға салады, сұрақтарға жауап береді. Топ оқушылары өз ойын ортаға салады, сұрақтарға жауап береді. Топ оқушылары өз ойын ортаға салады, сұрақтарға жауап береді. Әр топтан бір оқушы шығып болжау сұрағына топ жауабын береді. Постер қорғау: әр топ өздеріне берілген кейіпкер иуралы жан-жақты талдап жазады, қорғайды. Барлық сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіре отырып жауап береді. Слайд арқылы ақпарат беріледі. Микрофон ұсынылған әр оқушы сабақ бойынша өз пікірін, алған әсерін білдіреді. Топ басшысы тарапынан және әр оқушы бағалау бетшесін толтырып береді. Формативті бағалау бойынша оқушы пікірі тыңдалады. | |||||||||||||||||||||||||