Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек

Тақырыбы: «Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек»

Мақсаты:  Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.  Балаларды ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түрі:  кездесу кеші (балалар кітапханасымен байланыс)

Әдісі: Әдеби сазды бағдарлама, пікірлесу

Өту барысы:

 

Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.


Кеш жарық, қымбатты аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де Сіздерге  арналады.

Иманғали Айша – «Аяулы ана» әнімен

Жүргізуші:

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.
Ол- Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып,балалары үшін жанұшыра шырылдайтын да-Ана.Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Аналарымызға арналған біздің оқушыларымыздың жыр – шумақтарына кезек берейік.


1 оқушы:

Барша анна құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан анна сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз

2 оқушы:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті баса ұрпағың -  мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

3 оқушы:

 Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

 - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

4 оқушы:

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төрдесек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зордесек те сіздерді — лайықсыздар.

5 оқушы:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

6 оқушы:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суысарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешіміздің қонағы кітапхана саласының үздігі, ардагер, қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан Бағила анамызға, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары    Әсемайдың   анасы Майра анамызға, «Көктем» қазақ орта мектебінің ұстазы Абдрахманова Эльмира апайымызға сөз кезегін берейік.

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары!

Қазақ биі «Бипыл» - Орынбасар Жанэль, Сары Айкөркем

Ой сергіту. «Мақал – сөз атасы» мақал – мәтел құрастыру. 

Жасыл конверт тапсырмалары:

Ананың сүті — бал,  баланың тілі — бал.
Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң дақарызынан құтыла алмайсың.
Баланың білегі ауырса,ананың жүрегі ауырады.
Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада.

Ана бір қолымен бесікті тербетсе,   бір қолымен әлемді тербетеді.

Қызыл конверт тапсырмалары:

Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды

Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер

Ата – ананың қадірін балалы болғанда білесің

Әке сөзі парыз, ана сүті қарыз

Ағайын — алтау,  ана — біреу

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Жүргізуші:

Жарайсыздар аналар, оқушылар! Ойынға белсенділік танытып қатысқандарыңызға рахмет!

Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Амандықта жүздескенше!                                                                                                                                 

ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ